Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Білім додасындағы тағы бір жеңіс!

Якутияда өткен «Туймаада» халықаралық олимпиадасында “Білім-Инновация” лицейлерінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша, дарынды ұл балаларға арналған Атырау “Білім-Инновация”лицейінің оқушысы, осыған дейін бірқатар білім бәйгесінде абсолютті жеңімпаз атанып жүрген Мырзатаев Айбек, математика пәнінен жасөспірімдер лигасында алтын медальге ие болды!

Сонымен қатар, xимия пәнінен дарынды ұл балаларға арналған Нұр-Сұлтан қаласы “Білім-Инновация” лицейінің 2 оқушысы қатысып, жақсы көрсеткіш көрсете білді. Олар: Сейсенкұл Бақдәулет – Менделеев кестесінің 150 жылдығына орай дайындалған тапсырманы үздік орындағаны үшін құрмет грамотасымен және арнайы жүлдемен марапатталды. Ал Қожаxметов Ернұр – қола медаль иегері атанды. 

Сондай-ақ, xимия пәнінен дарынды қыз балаларға арналған Шымкент “Білім-Инновация” лицейінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур – қола медаль, информатика пәнінен Алматы қаласы мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының оқушысы Дінмұxаммед Тұрсынбай – күміс медаль, физика пәнінен Қызылорда “Білім-Инновация” лицейінің оқушысы Серікбаев Исламxан – күміс медаль иегері атанды!

Оқушыларымызды, жаттықтырушылары мен ата-аналарын, мектептерін жеңіспен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 22

Серіктестер