
2019 жылғы 14-21 шілде күндері аралығында Венгрияда өтетін биология пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан құрама командасы жолға шықты.
Биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (IBO) әр елдің орта мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін жоғары жарыс болып табылады. Қатысушы елдердің әрқайсысы ұлттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан төрт оқушыны жібереді.
Қазақстан құрама команда мүшелері: Қуантай Аманжол – Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; Баймұратов Мейірбек – Ақтөбе қаласы, дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; Өтей Санжар – Атырау қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Тұртемір Әділет – Тараз қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Командамызға сәттілік тілейміз! Бұл халықаралық олимпиада Сіздерге жеңіс, жаңа тәжірибе, дос, жағымды естеліктер алып келсін!
Просмотров страницы: 25