Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

ХVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары 34 медаль иеленді

2020 жылдың 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінде ХVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Биыл дәстүрлі олимпиадаға Ресей, Түркия, Грузия, Белоруссия, Болгария, Дания, Румыния, Сербия, Швеция және Біріккен Араб Әмірліктері секілді әлемнің 21 елінен 600-ге жуық оқушы қатысты.  Бұл олимпиада физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектеп шәкірттерінің үш бірдей пәннен сынға түсуімен ерекшеленеді.

 «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары аталмыш білім додасынан 4 алтын, 9 күміс, 21 қола, барлығы – 34 медаль иеленді.

Информатика пәнінен дарынды ер балаларға арналған Өскемен «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Темірлан Байболов; Математика пәнінен «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Бибігүл Конакиева және дарынды ер балаларға арналған Атырау «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев; Физика пәнінен Семей «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Расул Мағауин алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ информатика пәнінен күміс медаль иегерлері – дарынды ер балаларға арналған Ақтау «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Ильдар Каналиев және дарынды ер балаларға арналған Орал «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Алмас Шинбай;

Математика пәнінен дарынды ер балаларға арналған Нұр-Сұлтан «Білім-Инновация» лицей-интернатының 4 оқушысы Данат Дүйсенбеков, Марлен Раушанов, Бексұлтан Абдукаримов Фетуллах Сам және Алматы «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Мирас Нағашбек күміс медаль иегерлері атанды.

Физика пәнінен күміс медаль иегерлері – дарынды ер балаларға арналған Шымкент «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Әбіш Исагулов және Тараз «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Жалғас Сайлаубай.

Информатика пәнінен қола медальға ие болған оқушыларымыздың қатарында: Аманбол Қанатұлы «NURORDA» мектеп-лицейі, Дален Амир және Дінмұхамед Тұрсынбай дарынды ер балаларға арналған Алматы «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Қайырлы Мұхаметкәрім дарынды ер балаларға арналған Семей «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Жамбыл Максотов дарынды ер балаларға арналған Орал «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Алихан Абихас дарынды ер балаларға арналған Павлодар «Білім-Инновация» лицей-интернаты.

Математика пәнінен «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Әліби Жеңіс және Ельдар Кусдавлетов, Атырау «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Әділет Заутханов, Ақтау «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Әбу Әділет, Ақтөбе «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Дидар Кожиков, Көкшетау «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Арсен Даминов, Павлодар «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Бекзат Аубакир, Нұр-Сұлтан «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Нұрлыбек Таубекабыл және Абылай Ашкен қола медаль иегерлері атанды.

Ал физика пәнінен Асылхан Кенжебек Ақтау БИЛ, Ризабек Алпамыс Атырау БИЛ, Исламхан Серікбаев Қызылорда БИЛ, Ассанали Рахметулла «NURORDA» мектеп-лицейі, Диннур Асанов Кентау БИЛ, Еркебұлан Шынтай Тараз БИЛ қола медаль жеңіп алды.

Оқушыларымыздың әр жеткен жетістігі – ұстаздарымыздың ұшан еңбегі, лицейлеріміздің абыройы. Барлық жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданың мақсаты – оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білім және мәдениет деңгейін көрсету.

Просмотров страницы: 11

Серіктестер