Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Қазақстандық оқушылар химия пәнінен Парижде өткен 51-ші Халықаралық олимпиада 1 күміс, 3 қола медальге ие болды

Парижде химия пәні бойынша 51-ші Халықаралық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Олимпиадаға әлемнің 80 елінен оқушылар қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрама командасының мүшелері 1 күміс, 3 қола медальдарға ие болды:

Черданцев Владислав – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Молокова Ирина Николаевна) – күміс медаль;

Мельниченко Даниил – Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы (мұғалімі – Бабичь Ирина Михайловна) – қола медаль;

Көпенов Нұрлыхан – Өскемен қаласындағы “Білім -инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (мұғалімі – Хасен Темирлан) – қола медаль;

Нурпейсов Олжас – Қарағанды қаласындағы “Білім-инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (мұғалімі – Саматов Абылай) – қола медаль.

Қазақстан құрама командасының жаттықтырушылары – Толеп Ернур, Қазақстан-Британ техникалық университетінің PhD докторанты және Моргунов Антон, Массачусетс технологиялық институтының студенті – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. 

Просмотров страницы: 38

Серіктестер