Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Ұлыбританияда өткен Халықаралық математика олимпиадасының нәтижелері белгілі болды

2019 жылғы 11-22 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Бат қаласында (Ұлыбритания) өткен математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға 112 елден, барлығы 621 оқушы қатысты. 60-шы халықаралық математика олимпиадасының қорытындысы белгілі болды. 

Биылғы жылы төмендегі оқушылар олимпиадаға қатысып Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль иеленді:

Билялов Шынғыс – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы – күміс медаль;

Дуйсенбеков Данат – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – күміс медаль;

Зиманов Алихан – Алматы қаласы «Tamos Education» физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Шынтас Нұртас – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы- қола медаль;

Муханбетияр Қасым – Алматы қаласы дарынды балаларға арналған № 165 мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы- қола медаль;

Оразалин Алибек – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы- қола медаль.

Құрама команда тренерлері – Хаджимуратов Нурсултан Сергалыевич, математикадан халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы, Жук Владимир Васильевич, ф.-м.ғ.к., «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің математика пәні мұғалімі және Полянских Сергей Сергеевич, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

2020 жылы Олимпиада Санкт-Петербург қаласында өткізу жоспарланып отыр. Қазақстан құрама командасын құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 30

Серіктестер