“Q Talks” жобасы

“Q Talks” (Qundylyq Talks) – бұл түрлі спикерлердің (директорлар, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) құндылықтарға негізделген білім беру шеңберінде өткен іс-шараларға қатысты жеке тәжірибесімен бөлісе алатын бейресми монолог форматында өтетін конференция. Бұл жобаны мектептердің өз арасында тәжірибе алмасудың жаңа форматы ретінде қарастыруға болады. Әр спикердің мақсаты – тыңдаушыларға өз мектебінің жетістіктері, сәтсіздіктері мен ерекшеліктері туралы айтып беру. Кейін тыңдаушылар айтылған тәжірибе мен идеяларды өз жұмысында қолдана алады.

Толығырақ ақпарат https://qundylyq.kz/qtalks/ сайтында берілген.

Спикерлердің сөйлеген сөздері Қордың YouTube-каналында табуға болады: https://youtube.com/playlist?list=PLIFcpc4pr2RfGri5xSushaUYWWDyTZalF