“Qadam” оқу-әдістемелік құралы

“Qadam” оқу-әдістемелік құралы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және іске асыруға жауапты педагогтерге көмек ретінде құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құрал үш деңгейден тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар) және жалпы орта (10-11 сыныптар) білім беру.

Құрал мазмұны мұғалімдердің оқу үрдісін жоспарлау, іске асыру және тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды қамтиды. Бұл құрал ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мақұлданған және пайдалануға ұсынылған.

Қосымша ақпаратты осы сайттан алуға болады: https://qundylyq.kz/.