«БІЛІМ–ИННОВАЦИЯ» қорының басшылығы Оқу-ағарту министрінің қабылдауында болды

«БІЛІМ–ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ Президенті Дархан Өте бастаған Қор басшылығы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қабылдауында болды.

Кездесу барысында, ҚР Оқу-ағарту министріне «БІЛІМ–ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қазіргі ахуалы және келешекте атқарылатын жұмыстары жайында баяндалды. Сондай-ақ, Қордың даму жоспары таныстырылды.

Өз кезегінде Ғани Бектайұлы, «БІЛІМ–ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ел мүддесі мен ұлт болашағы үшін атқарып жатқан ілкімді істеріне оң бағасын берді. Сондай-ақ Ғани Бектайұлы «Білім-инновация» лицейлерінің 30 жылдық тәжірибесі һәм ұлттық құндылыққа негізделген тың әдістерін елдің өзге де алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге ауылдық мектептердің жетілуіне үлес қосуға үндеді. Бұл бағытта министрлік өз тарапынан тізе біріктіріп, ел игілігі жолында бірлесе қызмет етуге бастамашы болуға әзір екендігін атап өтті.