Семей БИЛ-дың жас мұғалімі физика пәнін комикстер арқылы түсіндіреді

Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінде физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Нәубетов 7 және 9 сынып оқушылары үшін физика тақырыптарын комикс форматында оқыту әдісін енгізген. Ол «Тығыздық», «Ньютон заңдары», «Энергия сақталу заңы», «Архимед заңы» сияқты күрделі тақырыптарды комикстер арқылы жеңілдетіп үйретуде.
Мұғалімнің айтуынша, бұл әдіс оқушылардың физикаға деген ынтасын арттырып, сабаққа деген қызығушылықты оятқан. Ол сондай-ақ, заманауи балалардың көп уақытын смартфондармен өткізетінін ескере отырып, бұл әдістің олардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге көмектесетінін атап өтті. Комикстер оқушылардың шығармашылық дағдыларын, ойлау қабілеттерін және сурет салу шеберліктерін дамытады. Қазіргі уақытта оқушылар өз бетінше комикс жасауды үйреніп, жаңа тақырыптарды түсінуге пайдалануда.
Жасқайрат Нәубетов оқушылар арасында комикс тақырыбында жарыс өткізуді жоспарлауда.