Түркістандық БИЛ-ге жаңа мектеп ғимараты берілді

Түркістан қаласында ер және қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, аймақ басшысы Дархан Сатыбалды және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте қатысты. Өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері ақжарма тілектерін арнады.

Түркістан «Білім-инновация» лицейі 1992 жылы алғашқылардың бірі болып талапты оқушыларды қабылдаған білім ордасы. Күні бүгінге дейін лицей ғимараты Кентау қаласында орналасқан болатын. Жалпы ауданы 31,689 м2 құрайтын, сәні мен салтанаты келіскен жаңа лицей ғимараты ер және қыз балаларға тәлім беруге дайын.