Жаңаөзендік пен алматылық БИЛ оқушылары робототехника сайысында чемпион атанды

14 қаңтар күні қазақстандық оқушылар, «Білім-инновация» лицейінің тәлімгерлері, Түркияда өткен «Türkiye FIRST Tech Challenge» атты робототехника чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл бәйгеде Түркияның 30-дан астам командасы және Жаңаөзен мен Алматы қалаларынан келген «Білім-инновация» лицейінің 9, 10, 11 сыныптарының оқушылары бар «Rebels» және «Queue» командалары қатысты.

Бұл жарыста қазақстандық командалар тек жеңіске ғана емес, сонымен қатар жоғары төрешілік сыйлықтарға да ие болды. «Queue» командасының 10-11 сынып оқушылары STEM саласында жергілікті қоғамдастыққа үлес қосқаны үшін «Connect Award» сыйлығын жеңіп алды.

Жаңаөзеннің «Rebels» командасының 9-11 сынып оқушылары роботтың ойластырылған дизайны мен функционалдылығы үшін «Design Award» сыйлығын иеленді.

«Rebels» командасының жаттықтырушысы Жөндер Сүлейменов: «Қазақстан құрамасының түрік тарапынан эксклюзивті шақыруы мен шәкірттерімнің шетелдегі жеңісі – ерекше сәт. Енді біз Астанада өтетін Орталық Азия кезеңіне дайындалудамыз» деп мәлімдеді.