
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің сайтында Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты Мектеп оқушылары конкурсының нәтижесі жарияланды.
Конкурс ережесіне сәйкес ІІ турда Байқау комиссиясы жеңімпаздарды Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан тең өкіл таңдау қағидасын негізге алып айқындады: нәтижесінде 2 бірінші орын, 2 екінші орын және 4 үшінші орын тағайындалды.
Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылғын Ақтөбе облыстық «Білім- инновация» лицейінің екі бірдей оқушысы Сүйінғазы Ақниет Темірбекұлы, Жанғали Сердар Әсет 1-орынды иеленді. Ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақтөбеге көшіріліп әкелінген кәсіпорындар тарихы», конкурстың тақырыптық бағыты: «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!»: тыл қаһармандары. Ғылыми жетекшілері: дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылғын Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицейінің тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі Батыргалиева Айгулим Габитовна және т.ғ.к, Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценты Маден Асылбек Төреханұлы.

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға РФ мен ҚР-дан Конкурстың 1-ші кезеңінен өткен 30 мектеп жобасының ішінен таңдаулы 8 мектеп жұмыстары таңдап алынды.
РФ пен ҚР тарихшыларының бірлескен жұмыс тобы зерттеу жұмыстарының жоғары ғылыми-зерттеу деңгейін ескере келе, күрделі таңдаудың нәтижесінде Конскурс жеңімпаздарын анықтады.
Жұмыс тобы Конкурстың барлық қатысушыларын зерттеу жұмыстарына белсенді қызығушылық танытқандарына алғыс білдіреді. Конкурсқа қатысқан 1000-нан астам оқушы адамзат тарихында орын алған алапат соғыста Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалған халықтың асқан ерлігін асырып, тарихи жадыны сақтауға зор үлес қосты деп атап өтті.
ҚР Білім академиясының академигі, т.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, РФ пен ҚР тарихшыларының бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы Б.Ғ. Аяған конкурс жеңімпаздарын құттықтай отырып, салтанатты марапаттау рәсімі Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өтетінін хабарлады.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ конкурста жүлделі орын алған оқушыларымыз бен олардың ата-аналарын, ұстаздарын шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта одан да жоғары шығармашылық белестерді бағындыруға тілек білдіреді.
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның тарих және қоғамдық пәндер әдіскері Сатанов Арстан Болатұлы
Просмотров страницы: 661