Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Астана “Білім-Инновация” лицейінің оқытушысы ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

Жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Bіlіm jáne Ǵylym!” атты тамыз конференциясы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан аса ұстаз қатысқан пленарлық отырыста Астана “Білім-Инновация” лицейінің оқытушысы, математика пәнінің мұғалімі Муамер Гюль “ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” атағына ие болды! Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның білім саласында 25 жыл еңбек еткен математика пәні мұғалімінің 2000-нан аса шәкірті халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған. ⠀⠀

Жақында ғана Гиннес рекордтар кітабына енген Муаммер Гюль еңбегіне алғыс білдіріп, толағай табыс тілейміз!

Просмотров страницы: 227

Серіктестер