Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Ата-аналар арасындағы “QURMET” спартакиадасы

«Білім-Инновация» лицейі тәрбиеленушілерінің ата-аналары ұстаздармен тығыз қарым қатынас орнатып,  балалардың оқуы мен тәрбиесіне белсенді қатысады. Дәстүрлі республикалық спартакиада осының айғағы. Биылғы іс шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналып, ата-аналардан құралған командаларды Нұр-Сұлтан қаласы қабылдады.

Республикалық спартакиаданың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өте Ермаханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық киім, жарыс алдындағы жаттығу мен қобалжу кәсіби спорттағыдай. Алайда сап түзеген бұл шымыр әрі шыныққан спортшылардың барлығы түрлі салаларда қызмет етіп жүрген азаматтар. Араларында дәрігер, заңгер, полицей, зейнеткер және тағы басқалары бар. Бәрін біріктіретіні балалары. Олар – «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары.

Спартакиада нәтижесі бойынша, волейболдан Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ата-аналары үздік атанды. Бірақ спартакиада иелері позитивті энергияға толы атмосфера сыйлап, нағыз топтық жұмыс пен табандылық көрсете білгендері үшін кубокты дарынды қыз балаларға арналған Павлодар «Білім-Инновация» лицей-интернатының ата-аналарына сыйлады. Ал петропавлдық ата-аналар жүлделі 3-орынға лайық деп танылды. 

Аталмыш іш-шараны өткізудегі мақсат – ата-аналар арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

Просмотров страницы: 242

Серіктестер