Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Батыс-Қытай математикалық олимпиадасынан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді

11-16 тамызы аралығында Цзуньи қ., Гуйчжоу провинциясында (Қытай Халық Республикасы) өткізілген Батыс-Қытай математикалық олимпиадасынан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте ҚР құрамасы 168 ұпай жинап, келесі марапаттарға ие болды:

Мырзатаев Айбек – Атырау облыстық «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы – алтын медаль;

Амрин Айдар – Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» КЕАҚ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;

Нагашбек Мирас – Алматы қаласы «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы – күміс медаль;

Мажит Санжар – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ филиалының 11 сынып оқушысы – күміс медаль.

Құрама жетекшісі – математика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері – Шакиев Александр.

Просмотров страницы: 238

Серіктестер