
24 желтоқсан күні «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте және BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек білім, ІТ және ғылыми-зерттеу жобаларын бірге атқаруда әріптес болу үшін меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында BTS Education «Білім-Инновациямен» бірлесе отырып білім нарығын зерттейді және кәсіби бағдар беру құралын жасақтайды. Сондай-ақ тараптар Жаңа Мамандықтар Атласын, виртуал мектепті, жасанды интеллект негізінде виртуал ментор мен өзге де білімге қатысты ІТ жобаларды бірлесіп атқаруға келісті. Қолға алынған бұл жобалар мен өнімдердің барлығы білім мен тәрбие процесін жақсартуға бағытталады.

Меморандум мақсаты – жолдастық қарым-қатынасты нығайту мен ұзақ мерзімді, тиімді және өзара әріптестікті дамыту.
BTS Education — халықтың даму қабілетін нығайтуға бағытталған қолжетімді білім шешімдерінің орталығы.
Просмотров страницы: 340