Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Білім-Инновация лицейлері облыстық пәндер олимпиадасында үздіктер қатарында

Еліміздің барлық өңірінде ашылған Білім-инновация лицейлерінің орта білім берудегі жетістіктері мол. Сөзімізге дәлел соңғы 3 жыл көлемінде республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңіп алған жүлделі орындар дәлел, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Атап айтқанда, лицей оқушылары 2017 жылы облыстық пәндік олимпиададан 271 алтын, 277 күміс және 329 қола жүлде иеленді, барлығы 877 жүлде. 2018 жылы 265 алтын, 275 күміс тиісінге 345 қола жүлде иеленіп барлығы 885 жүлдені қанжығаларына байлады. Үстіміздегі жылы 298 алтын, 310 күміс, сол сияқты 311 қола медальға ие болды. Биылғы жүлденің жалпы саны 919. 

Айта кетсек,”Білім-инновация” ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік лицей, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, одан бөлек меморандум негізінде 3 мектеп (Атырау, Құлсары және Екібастұз қалаларында) жұмыс істейді.

2018-2019 оқу жылында республика бойынша қабылдау конкурсына 26 460 үміткер қатысып, нәтижесінде 7-сыныпқа 1674 оқушы қабылданды.

http://newsroom.kz/2115-bilim-innovatsiya-litseyleri-oblystyq-pander-olimpiadasynda-uzdikter-qatarynda

Просмотров страницы: 345

Серіктестер