Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

“Білім және ғылым министрі ретінде емес, әке ретінде ұсынамын…”

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Ол оқушылардың 16 наурыздан бастап 21 күнге созылған көктемгі каникулы басталғанын еске салды.

«Бұл күндерді қызықты әрі танымды өткізу өте маңызды. Оның үстіне, ата-аналардың көбі үйде болғандықтан бұған көмектесе алады. Менің ұлым 4-сыныпта білім алады, ол кітап оқығанды өте жақсы көреді. Оқу жылының басынан бері біз бірге “Робинзон Крузо”, “Том Сойердің оқиғалары”, “Менің атым – Қожа”, “Көшпенділер” трилогиясын оқып шықтық, ал “Капитан Грантаның балалары” біздің сүйікті кітапқа айналды. Бізге сондай-ақ, Ежелгі Грекия мен Мысырдың аңыздарын оқыған ұнайды”, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Министр ғылыми әдебиетке қызығушылығын ашқан ғылыми фантастика жанры екенін айта отырып, баланы өзіңіз оқыған сүйікті туындылармен таныстыруға тырысыңыз. Ол мектептен тыс кітап көп оқыған сайын, оған оқу бағдарламасы оңайға соғатынын ұмытпаңыз, – дейді.

Сонымен қатар, Аймағамбетов отбасымен видео сабақтар, тренинг, ғылыми тәжірибелер, TED-конференцияларды көруге ұсынды.

“Осы қиын кезеңде біз Интернет провайдерлерімен білім беру сайттарына кіру тегін болады деп келістік. Бұл қосымша білім беру ұйымдары, секциялар мен курстар жұмыс істемей тұрған уақытта өте өзекті. Сондай-ақ, бұл балаларды онлайн форматта білім алуға үйрету үшін жақсы мүмкіндік”, – деді ол.

Министр каникулдан кейінгі оқу үдерісін ұйымдастыру туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, қазір қашықтан оқыту жүйесі тестілеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, кей сабақтарды теледидар арқылы өткізу жоспарланған.

 

Просмотров страницы: 750

Серіктестер