Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Бүркітші қыз Айшолпанның арманын “Білім-Инновация” ХҚҚ орындамақ

Бүгінде әлемге атағы шығып, небәрі 13 жасында жаһанға танылған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын Бүркітші қыз – Айшолпан Нұрғайыпқызы бір сұхбатында Қазақ елін көруді армандайтыны жайлы айтқанын көрген болатынбыз.

«Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі – құсбегілік өнерін игерген қанатты қыздың арманын орындауды жоспарлап, 12-19 қыркүйек аралығында бүркітші қыз Айшолпан мен оның әкесін Қазақстанға алып келу үшін арнайы сапар ұйымдастырды.

Басты мақсат – қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтеріп жүрген Айшолпанның мысалы арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім оятып, халқымыздың мол мұрасын насихаттау.

Сондай-ақ сапар барысында Баян-Өлгей аймағында 14-15 қыркүйек күндері өткен бүкіл әлемнен қонақтар келіп тамашалайтын, үлкен мерекеге айналған  «Бүркітшілер тойына» қатысты.

Просмотров страницы: 282

Серіктестер