Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Елордада жылдың үздік ұстазы анықталды

Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында “Үздік педагог – 2019” республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты хабарлады. 

Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен тоғыз қатысушы “Менің педагогикалық ұстанымым” кезеңі бойынша өзін-өзі таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гул иеленді.

Бірінші орынды №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Омарханов алса, екінші орынға №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбина лайық деп танылды.

Үшінші орынды № 62 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Алма Тұрғамбекова және дарынды қыз балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінің физика пәні мұғалімі Данияр Измаилов еншіледі.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдары, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапатталды.

Просмотров страницы: 54

Серіктестер