Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Ең ақылды ұрпақ – Z ұрпағы» немесе әкелерге құлаққағыс

13 қыркүйек күні Ақмола облысы Бурабай кентінде “Әке – отбасының тірегі” атты IV Республикалық әкелер форумы өтті. 

Жиынға ҚР Президентінің көмекшісі Мақсат Сқақов, Парламент депутаттары, ұлттық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әр өңірден келген белсенді әкелер қатысты.

«Ең ақылды ұрпақ – Z ұрпағы» немесе әкелерге құлаққағыс

«Білім-Инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының президенті Дархан Өте ақпарат кеңістігі қарыштап дамыған XXI ғасырдағы Z ұрпағының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын ғылыми зерттеулер нәтижесінде көпшілікке ұғынықты тілде түсіндіріп берді. Әкелер қауымына «менің жасамағанымды, сен жүзеге асырасың» деп бала арманына кедергі жасап, жігерін құм етпеуді жеткізді.

«Z ұрпағының қолындағы мүмкіндіктерге шектеу қоймай, оны өзінің құндылықтары арқылы қабылдамасаңыздар жаңа буынмен тіл табыса алмайсыздар. Бұл Z ұрпағы кім десеңіз, ғаламтордың шынайы досы, виртуалды өмірде көп уақытын өткізеді. Ешқандай ережені қабылдамайды. Яғни, әкімшіл-әміршіл жүйе бұл балаға жүрмейді. Керісінше, жаңа ұрпақ әрдайым өзімен санасуды талап етеді. Бір уақытта көп міндетті атқара алатын ең ақылды ұрпақ. Сансыз ақпаратты миында қорыта алатын буын. Ең креативті буынды тәрбиелеу үшін алдымен оны тану қажет», – деді «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті.

Республикалық әкелер форумы биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін күшейту, отбасы институтын нығайту және тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Просмотров страницы: 268

Серіктестер