Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Халықаралық пән олимпиадаларына қатысатын оқушыларға сәттілік!

Жылдың осы уақыты, әсіресе шілде-тамыз айлары ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы саналатын пән олимпиадасына қатысатын оқушылар үшін ең маңызды кезең.

Жалпы пән олимпиадасы – бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастарды дайындайтын ең ауқымды әрі маңызы зор бағдарламалық бәсеке.

Бүгінде әлемнің жүзден астам елінде пән олимпиадалары өткізіледі. Жыл сайын Қазақстан құрамасы физика, математика, биология, география және информатика пәндерінен халықаралық пән олимпиадаларына қатысып, еліміздің қоржынын медальдермен толтырып келеді.

Жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің арқасында биылғы халықаралық пән олимпиадасына қатысып жатқан оқушылардың тізімі суретте көрсетілген. Халықаралық пән олимпиадаларында ел намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік жолдас болғай!   

Просмотров страницы: 22

Серіктестер