
Қыркүйектің 1-6 аралығында Ресей Федерациясының астанасында, Мәскеу қаласында IV Халықаралық Мегаполис олимпиадасы өтті. Биылғы оқу жылында қатысушылардың географиясы едәуір кеңейген, әлемнің 45 ірі қалалары өз командаларын ұсынған. Аталмыш олимпиадада еліміздің намысын қорғаған 8 оқушы «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты білім беру мекемелерінің білім алушылары.
Оқушылар математика, информатика, физика және химия санаттары бойынша қатысып, жеке жарыста бір күміс және бес қола медальге ие болды. Сондай-ақ, блиц турнирінде 2-орынды жеңіп алып, олимпиаданың құрмет кубогына ие болды.
Дуйсенбеков Данат, Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 11-сынып – математика пәнінен күміс медаль;
Раушанов Марлен, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 10-сынып – математика пәнінен қола медаль;
Сардар Ернар, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 10-сынып – физика пәнінен қола медаль;
Таубаев Темірлан, «NURORDA» мектеп-лицейі, 10-сынып – химия пәнінен қола медаль;
Токенов Алмас, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 10-сынып – химия пәнінен қола медаль;
Аширбек Едиге, «NURORDA» мектеп-лицейі, 9-сынып – информатика пәнінен қола медаль.
Жеңімпаздарды, сондай-ақ олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Просмотров страницы: 239