
Көкшетау «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларынан құралған «Жылы жүрек» қайырымдылық клубы қаламыздағы қамқорлыққа зәру отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияға лицейіміздің 113 ата-анасы атсалысып, балаларымен бірге дайындаған тәтті, дәмді тамақтарын сатып, 168 332 теңге қаражат жинақтады. Түскен қаражатты лицейдің қамқоршылық кеңесі мүшелерімен ақылдаса отырып, оқушыларымыздың араласуымен алдын ала анықталған 13 отбасына көмек көрсетілетін болады.


Сауапты іске қол ұшын созған барлық лицей ұжымына алғысымыз шексіз!
Просмотров страницы: 30