Назар аударыңыз! Шұғыл түрде! 6 сыныпты аяқтап, 7-сыныпқа қадам басқан оқушылар және олардың ата-аналары Сіздер үшін маңызды ақпарат.
“Білім-Инновация” лицейлеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы балаларын қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыз күнгі №350 бұйрығы.
Өтініштерді қабылдау: 10.08-19.08 аралығында өтеді.
Өтінішті оффлайн, яғни жергілікті мекеніңіздегі лицейге барып өткізесіз. Құжаттардың түпнұсқалығы немесе сәйкестігі расталған жағдайда ғана үміткерге 48 сағат ішінде рұқсатнама жіберіледі.
Қабылдау емтихан: 21.08. 2022 күні өтеді.
Конкурстың нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 25 тамыз күні сағат 10:00-де bilemtihan.kz сайтында жариялайды. Үміткер мектептен берілген рұқсатнамада жазылған логин мен құпиясөзді пайдаланып, емтихан нәтижелерін көре алады.
Конкурста Үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады:
- Математика және логика – 40 сұрақ;
- Қазақ тілі – 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.
Құжаттар тізімі:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН-ді көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың түпнұсқасын көрсете отырып, көшірмелері.
Халықтың әлеуметтік осал топтары және қажетті құжаттар тізімі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары:
– Әлеуметтік көмек алатынын нақтылайтын анықтама (egov.kz)
– Үміткердің білім беру ұйымынан анықтама - ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары:
– Ата-анасының мүгедектігі туралы анықтама (egov.kz) - отбасы мүшесінде мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар:
– Мүгедектігі бар баланың туу туралы күәлігі (немесе бала асырап алу туралы күәлік)
– Баланың мүгедектігі туралы анықтама (egov.kz)
– Ата-ананың (қамқоршының) жеке күәлігі көшірмесі - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
– Жетім балалар: ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болғаны туралы анықтама
– Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: өтініш берушінің жеке күәлігі көшірмесі және қамқоршы немесе қорғаншы ретіндегі құқығын растайтын анықтама (egov.kz) - отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
– Отбасыда тұратын жетім балалар: өтініш берушінің жеке күәлігі көшірмесі және қамқоршы немесе қорғаншы ретіндегі құқығын растайтын анықтама (egov.kz)
– Өтініш берушінің жеке күәлік көшірмесі және бала асырап алу туралы күәлік - төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар:
– Жергілікті немесе республикалық жедел штаб басшысының төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешімі
– Төтенше әлеуметтік режимнің Өтініш беруші мен балаға әсер ететінін көрсететін құжаттар - экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылардың балалары:
– Төтенше жағдай салдарынан өтініш берушінің тұрғынжайдан айыру фактісін растайтын құжаттар
– Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай/жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшін есепке қою фактісін растайтын құжаттар - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары:
– Аталмыш себептер салдарынан өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бірінің қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын құжаттар (Бұл жағдайда баланың ата-аналары немесе қамқоршылары, баланың ата-анасы бір аға мен әпкелері);
– Қайтыс болған азаматтың немесе азаматшаның отбасы мүшесі екендігін дәлелдейтін құжат(тар).
Просмотров страницы: 2284