
Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінде қазақ күресінен «Лицей Барысы» республикалық ашық турнирі өтті.
Турнирге Шымкент, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Тараз, Құлсары, Көкшетау, Кентау, Қарағанды, Екібастұз, Есік, Жезқазған, Петропавл, Орал, Қостанай және Алматы қалаларынан 14-15 және 16-17 жастағы жас балуандар әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша барлығы 74 оқушы қатысып, боз кілем үстінде бақ сынады.
Спорттық шараның мақсаты – халқымыздың болмысы мен рухани дүниесін танытатын ұлттық спорт түрлерін дамыту, қазақ күресін дәріптеу, келер ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға баулу.
Екі күнге созылған жарыста мықты балуандар жеңіс тұғырынан көрінді. Әр түрлі салмақта, 16-17 жас балуандары арасында 1-орынды қанжығаларына байлаған – Закерия Нұрлы (-46кг) Есік БИЛ; Бердімұрат Есімхан (-57кг) Алматы SDCL; Мусаип Али (-72кг) Петропавл АДМ; Жанқожа Комбатуров (+72кг) NURORDA.

Ал 14-15 жас аралығы бойынша 1-орынды: Смағұлов Әкежан (-42кг) Есік БИЛ; Алихан Нұрасыл (-51кг) Шымкент БИЛ; Оразымбет Абылай (+51кг) Жаңаөзен БИЛ еншіледі. «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы – Жанқожа Комбатуров «Түйе Балуан» атағымен абсолютті чемпион атанып, 50 000 теңге сертификатына ие болды.
Сонымен қатар, әр салмақ бойынша жүлделі 2, 3-орындарды иеленген оқушыларымыздың саны өте көп. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Просмотров страницы: 190