Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Мектеп басшылары қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелерді онлайн жиналыста талқылады

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру мекемелерінің директорлары қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелерді талқылады.

1-3 тамыз аралығында, 40-қа жуық білім беру мекемелерінің директорлары 18 сағаттық онлайн жиналысқа қатысты.

Онлайн жиналыс барысында сандық технологиялар дәуірінде әрі дәл қазіргі жағдайда мектепті тиімді басқара білу; басшының міндеті мен рөлі; жаңа оқу жылында қолданылатын платформалардың сапасы; білім саласындағы қазіргі тенденциядағы жаңа трендтер; қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қадағалау, мотивация беру; қосымша жұмыстарды онлайн немесе оффлайн түрде табыстау реті; электрондық оқулықтардың қолдануға ыңғайлы болуы секілді тақырыптар қозғалды. Мектеп басшылары туындаған сұрақтарға жауап іздеп, өз ұсыныстарын білдірді.

Просмотров страницы: 725

Серіктестер