Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйек аралығында «PR4U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдарындағы медиа саласына жауапты жас мамандарға арналған «Modernizing PR branch at BIL schools» атты семинар-тренинг өтті.
Шараның мақсаты – жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бағытындағы білімдерін жетілдіру және «Білім-Инновация» лицейлеріндегі SMM жұмысын жаңғыртуға, контент маӊызын дамытудыӊ жолдарын үйретуге бағытталған.
Семинар-тренингте блогер, el.kz порталының бас редакторы – Бэлла Орынбетова, kazaknews.kz сайтының жетекшісі – Доған Йылдыз, «USTAZ» кәсіби білім беру орталығының академиялық директоры Нұрлан Имангалиев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның заңгері Жасұлан Ахметов, әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы Гульназ Алибекова қатысушыларға дәріс оқыса, Өскемен «NURORDA» мектеп-лицейінің медиа жауаптысы – Абылайхан Мурунов және «SPECTRUM» Халықаралық мектебінің медиа менеджері Сұңғат Измахан өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі жаһандану заманында әлеуметтік желініӊ әлеуеті артып, қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін деӊгейге жетті. Осыған орай, семинар-тренинг барысында «SMM контент менеджерінің картасы», «Әлеуметтік желідегі парақша келбеті», «Инстаграм реттілігі: Фото-Видео-Дизайн» тақырыптары бойынша дәріс оқылып, фото материалдың желіде жариялану заңдылықтары мен лицейдегі медиа саласына жауапты мамандардың құқықтары жөнінде сөз қозғалды.
Просмотров страницы: 310