Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында ағылшын тілінде “IronMind” жарысы өтті

29-ақпан күні Нұр-Сұлтанда “Edlight education support center” ЖШС-нің ұйымдастыруымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ағылшын тілінде “IronMind” жарысы өтті.

“Help the planet” яғни, ғаламшарды қорғау тақырыбында өткен “IronMind” жарысына еліміздің әр аймағынан 7-11 сынып оқушылары, жалпы саны 298 оқушы қатысты.

«Жарыстың мақсаты үздіктерді анықтау ғана емес, оқушылардың жаңа әсер алуына ықпал ету және бүгінгі маңызды мәселелерді бірлесе талқылап, өзара бірлесу арқылы сол мәселелердің шешімін табуға жағдай жасау. Соңғы уақытта ғаламшардың экологиялық мәселесі баршамызды алаңдатуда. Қоршаған ортаның сапасын жақсартып, туындаған мәселелерді шешу үшін ақылды адамдар әрдайым қажет. Сондықтан, сайыстың атауын “IronMind” деп қоюды жөн көрдік», – дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс XXI-ғасырдың дағдыларын дамытатын негізгі 6 бағыттан тұрады. Олар: дебат, ағылшын тілін меңгеру емтихандары, Brain Rain интеллектуалды ойыны, шығармашылық емиханы (Creative Writing), емле сайысы (Spelling Bee), көпшілік алдында сөйлеу өнері (Public Speaking) сайысы. 3 бағыт командалық жарыс болса, қалғанына оқушылар жеке-жеке қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Финалда жеке қатысқан оқушылардың ұпайы жалпы ұпайға қосылып, ең үздіктер анықталды.

Жоғары сыныптың үздіктері – “Lucky Ones” командасының оқушылары Алматы қаласында, халықаралық деңгейде танымал және шет ел университеттеріне, соның ішінде АҚШ-тағы жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылуы міндетті SAT емтиханына дайындайтын, 24 күндік курсқа қатысу сертификатына ие болды. Ал кіші сыныптар арасында үздік атанған “Blitzkrieg” командасының 3 оқушысы Лондондағы жазғы мектепке жолдама жеңіп алды.

Ал 11-сыныптың 5 үздік оқушысы: Құлмағанбетов Алишер, Кадесова Аяжан, Богусов Шыңғыс, Керімов Мұхаммед және Қадыров Ерасыл Астана Халықаралық университетінің грантына ие болды.

«Қазір ғаламдық жылыну процесі қарқынды жүріп жатқаны баршамызға белгілі. Бұл қоршаған ортаға, адамзатқа қауіп келтіретін үлкен мәселе болғандықтан, оның шешімін барлығымыз ақылдаса отырып, ақылмен шешуіміз қажет. Осы тұрғыда «IronMind-2020» жарысы ғаламдық проблемаға өз үлесін қосуда деп ойлаймыз. Оқушылар қазіргі заманға қажетті, негізгі 6 бағыт бойынша өз дағдыларын жетілдіріп, болашақта оларды жақсы қолдана алады деген үміттеміз», – дейді “Edlight education support center” оқу әдістемелік бөлімінің бастығы Ернар Сарбасов.

Просмотров страницы: 405

Серіктестер