Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Оқушылар республикалық онлайн дебат турнирі қатысып, білім грантын жеңіп алды

Сәуірдің 24-26 күндері аралығында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық онлайн дебат турнирі өтті.

Республикалық турнирге 200-ге жуық оқушы қатысуға ниет білдірді. Олардың арасынан 80 оқушы іріктеліп, жалпы саны 40 команда қатысты.

Шараның мақсаты – жастар арасындағы көшбасшылық бәсекелестікті дамыту, шешендік қасиетті арттыру, қазіргі кезде жастар мен қоғам үшін аса өзекті мәселелерді талқылай отырып, саяси сауаттылықтың деңгейін көтеру.

Биылғы турнирдің ерекшелігі біріншіден онлайн өтуінде болса, екіншіден, Еуразиялық Технологиялық Университеті мен Астана Халықаралық Университеті жеңімпаз атанған 11-сынып оқушыларына, білім грантын тағайындауында.

Дебат барысында қатысушылар бекітілген тақырып төңірегінде өз пайымдары мен пікірлерін нақты дәйектермен келтіріп, нақты ұсыныстарымен бөлісті. БПФ форматында өткен дебат турниріне Астана пікірсайысшылар альянсы мемлекеттік емес ұйымының мамандары төрешілік етіп, мықтыларды анықтады.

Турнирдің қорытындысы бойынша, дарынды қыз балаларға арналған №2 Қарағанды «Білім-инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы – Сапархан Камила мен Жақсылық Асылзат және «Алтын ауыл орта мектебінің» оқушысы – Ақылбек Гүлназ Еуразиялық Технологиялық Университетінің грантына ие болды. Ал Астана Халықаралық Университеті бөлген 3 білім грантына: дарынды қыз балаларға арналған Тараз «Білім-инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы – Карибжанова Гульжан мен Сәткен Аяулым және Алматы қыздар мектеп-лицейінде білім алушы – Шаймуратова Фариза лайық деп танылды.

Білім гранттары мен қатар, финалдық кезеңге жеткен 8 оқушыға eduvation.kz платформасында ағылшын тілі курсын тегін оқу сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, командалық есепте Семей мектеп лигасының «Демеушіміз СМЛ» командасы жүлделі 1-орынды иеленсе, 2-орынды Қарағандылық қыздардан құралған “OYLA”, Жезқазғандық “Peaky Blinders” және Алматы ФМБ НЗМ оқушылары “NIS 03” командалары жеңіп алды.

Ал турнирдің «Үздік спикері» – Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ-нің оқушысы Балтабай Ернар атанса, Тараз және Алматы қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары мен Семей қаласының жалпы орта білім беретін №32 мектебінің командасы 3-орынға ие болды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 617

Серіктестер