Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Қашықтан оқыту кезіндегі синхронды немесе асинхронды формат деген не?

Көптеген қашықтықтан оқыту сияқты онлайн білім беру әлемінде сыныптар асинхронды немесе синхронды болуы мүмкін. Бұл терминдер нені білдіреді?

  •  синхронды оқыту – виртуалды сыныпқа ұқсас, бір уақытта оқумен айналысатын оқушылар тобын қамтиды. Оқытудың бұл түрінде оқушы мен оқытушы бір уақытта бір жерде болады. Ол үшін топтық сөйлесулер, веб-семинарлар, бейне конференциялар сияқты мультимедиялық компоненттер қолданылады.
  • асинхронды оқыту – қажетті онлайн-ресурстармен өздігінен оқуға негізделген оқушыға бағытталған оқытуды қамтиды. Бұл жағдайда электронды пошта, электронды курстар, онлайн форумдар, аудио-бейне жазбалар сияқты технологиялар қолданылады.

Осындай форматтағы оқытудың түрін таңдау кезінде мұғалімдерге жауапты міндет жүктеледі. Қазір барлық мектептер дәстүрлі педагогикадан онлайн педагогикаға көшуде. Осы орайда «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Edlight» мектептерді қолдау орталығы дәстүрлі тамыз конференциясын қашықтан өткізуді бастады.

Онлайн конференция барысында 100-ге жуық пән мұғалімі қашықтан оқытуда EduPage платформасын тиімді қолдану, білім берудегі цифровизация, қашықтан оқытудың тиімді əдістері, синхронды және асинхронды форматта сабақ өткізу секілді тақырыптарда білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ ұстаздарға теориялық білімдерін практикалық жұмыстарымен бекітіп алуға мүмкіндік жасалған.

Просмотров страницы: 6390

Серіктестер