
Оқушыларымыз химия пәні бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасы қатысып, 4 қола медаль жеңіп алды!
13-18 шілде аралығында, пандемияға байланысты биыл алғаш рет қашықтан өткен олимпиадаға 27 елден 130 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль иегері атанды:
- Қайырбек Хайдар – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы – күміс медаль;
- Сейсенқұл Бақдәулет – Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы – қола медаль;
- Абдугафарова Кибриянур – Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы – қола медаль;
- Таубаев Темірлан – Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы – қола медаль;
- Туруспекова Айгерім – Алматы қ. дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің оқушысы – қола медаль;
- Мужубаев Әбілмансұр – Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы – қола медаль.
Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Просмотров страницы: 442