Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында топ жарды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет Еуропалық физика олимпиадасына қатысып 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

ЖаҺанды жайлаған пандемияға байланысты қашықтан өткен онлайн олимпиадаға 57 елден 250 оқушы қатысты. Еліміз жалпы командалық есепте жиырмасыншы орын иеленді. Қазақстан атынан жарысқа «Білім-инновация» лицейлерінің шәкірттері қатысты.

Бахтияр Ерметов, “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” халықаралық қоғамдық қоры оқу бөлімінің басшысы:

– Бұл олимпиаданың ерекшелігі, физикада практикалық тур бар. Онда оқушылар эксперимент жасау керек. Біздің оқушылар эксперимент жасаған. Бірақ оны виртуалды түрде жасаған. Компьютердің экранына веб-камераны түсіріп, эксперимент жасап, ақпараттарды енгізіп, солай көрсеткен. Мұндай форматтағы олимпиадалар оқушыларға өте пайдалы. Өйткені ол болашақ ғалымдар мен білікті мамандарды тәрбиелеуге негіз болады.

Просмотров страницы: 703

Серіктестер