Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Республикалық дебат жарысы

Жастар жылы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен өткен Республикалық дебат турнирі өз мәресіне жетті.

Еліміздің әр аймағынан жиналған 40 команда, 80 оқушы екі күн көлемінде түрлі тақырыптарға өз көзқарастарын білдіріп, ойларымен бөлісті. Финалдық ойында Дарынды қыз балаларға арналған Алматы “Білім-Инновация” лицейі, Петропавл “Білім-Инновация” лицейі және Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінен 2 команда қатысып, жақсы ойын көрсете білді.

Республикалық дебат турнирінің қорытындысы бойынша, Петропавл “Білім-Инновация” лицейінің оқушылары – Баймаш Темірлан және Ережепов Рахат жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Алматы “Білім-Инновация” лицейінің оқушысы – Бакубай Жұлдыз «Үздік спикер» атанды.

Қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Турнирдің әділ өтуіне атсалысып, төрешілік еткен Астана пікірсайысшылар альянсы мемлекеттік емес ұйымына алғысымыз шексіз!

Просмотров страницы: 59

Серіктестер