Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 100 үздік олимпиадалық мектеп

2017-2018 оқу жылындағы жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық гуманитарлық бағытындағы Республикалық жалпы білімдік пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп анықталды.

Жалпы білім беру ұйымдары мен бірлестіктердің,  оқушылар мен ұстаздардың, облыс, қала және аудандардағы оқу-жаттығу жұмыстарының сапасын және білім деңгейін анықтау үшін командалық нәтиже есептеліп отырады. Бұл есеп қорытындысы бейресми және ресми олимпиадалық хаттамаларда көрсетілмеген. Медальдар спорттық олимпиада ойындарында қолданылып, онда медальдардың жалпы саны ескерілуі мүмкін немесе басымдық алтын медальдарға беріледі. Алайда, бұл мақалада оқушылардың жеке жетістіктері емес, мектептер бағаланады. Себебі, бір алтын медаль емес, бірнеше медаль жүйеленген жұмыстың нәтижесі болып табылады.

2017-2018 оқу жылындағы бейресми командалық есеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын екі бағыт бойынша өткізілетін Республикалық жалпы пәндер олимпиаданың нәтижесіне сүйене отырып дайындалған. Биылғы олимпиаданың жаратылыстану-ғылыми бағыты 2018 жылдың 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарынан 780 оқушыдан 20 команда қатысты. Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы олимпиада 2018 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтті, онда 550-ден астам оқушы қатысты.

2017-2018 оқу жылындағы жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық гуманитарлық бағытындағы Республикалық жалпы білімдік пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп

Просмотров страницы: 726

Серіктестер