Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Шымкентте қыздар арасында Республикалық мини футбол жарысы өтті

Жастар жылы қарсаңында, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен алғаш рет 20-21 наурыз аралығында Шымкент қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінде оқушы қыздар арасында Республикалық мини футбол жарысы өтті.

Жарысқа Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент және Петропавл қалаларының құрама командалары қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша, Павлодар «Білім-Инновация» лицейінің құрама командасы жүлделі 1-орын, Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейінің арулары 2-орын, Тараз «Білім-Инновация» лицейінің командасы 3-орынды иеленді.

Сондай-ақ ойын соңында үздік ойыншыларға номинациялар да табысталды.

«Үздік бапкер» – Какенова Әйгерім Павлодар «Білім-Инновация» лицейі, «Үздік ойыншы» – Советова Айна Павлодар «Білім-Инновация» лицейі, «Үздік қақпашы» – Берикова Аида Шымкент «Білім-Инновация» лицейі, «Үздік шабуылшы» – Қадесова Аружан Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейі, «Үздік қорғаушы» – Жарылқасын Айяжан Тараз «Білім-Инновация» лицейі.

Ойын жеңімпаздары мен номинация иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 70

Серіктестер