
«Білім-Инновация» лицейлерінің ұстаздары 28-қазан мен 8-қараша аралығында «Eurasion Resources Group» – тың қаржылай қолдауымен, Ұлыбританияның Оксфорд қаласында жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдерге арналған екі апталық «STEM» оқыту бағдарламасы курстарына қатысты.


Жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдеріне арналған екі апталық «STEM» оқыту бағдарламасы – оқу жоспарын әзірлеуді, моделді оқыту жоспарына бейімдеуді және оқыту философиясын, оқыту циклы мен бағалауды байланыстыратын жұмыс схемасын әзірлеуді қамтиды. Сонымен қатар, бағдарлама UTC Reading STEM-ге баруға, мұғалімдер мен оқушылардан сұхбат алуға мүмкіндік берген.

«Білім-Инновация» лицейлерінің 11 мұғалімі бұл бағдарламаға қатыса отырып, «STEM» мектептерінің білім беру бағдарламаларымен танысып, өз пәндерінде қолдануға болатын жаңа тәсілдерді үйреніп, сабақ барысында түрлі құралдарды пайдалана отырып, жоба жасау дағдыларын жетілдірді.

«Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры мен ұстаздары атынан «Eurasion Resources Group»-қа қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!
Просмотров страницы: 233