Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Сүйінші!!! Бізге «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесі берілді!

2017 жылғы 24 қарашада Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы республикалық есеп беру және сайлау конференциясын өткізді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының көптеген облыстарынан білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Оның ішінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің басшылары да бар. Конференцияда 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берілді және 2018-2019 жылдарға арналған даму бағыттары ұсынылды. «Білім-инновация» және «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларымен шығармашылық ынтымақтастық жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.

KazFUCA Президенті Ақшолақов Б.У. барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің директорларына «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие болғандарын растайтын сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды.

 

Просмотров страницы: 245

Серіктестер