Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Таразда волейболдан оқушылар арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті

16-17 қараша күндері Тараз қаласындағы «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында «Білім-Инновация» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушы қыздар арасында Республикалық волейбол турнирі өтті.

Дәстүрге айналған шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайту.

Спорттық шараға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам жас спортшы жиналды. Атырау, Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Алматы өңірлерінен 11 команда келіп, өзара мықтыны анықтады.

Бас жүлде Петропавл қаласы «Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернаты»командасына бұйырды.

I орын Тараз қаласы Жамбыл экономика және есеп колледжі иеленді.

II орынды Алматы қаласы «Сулейман Демирел атындағы колледж-лицейі» командасы қанжығасына байлады.

III орын Тараз қаласы «Айша бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернаты ие болды.

Просмотров страницы: 299

Серіктестер