
15 ақпан күні Түркістан қаласында, Білім және ғылым министрлігінің және “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық форум өтті.
Форумға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері қатысты.
Республикалық форумның мақсаты – ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру. Осы идеяны насихаттауды мақсат тұтқан ауқымды шараға 400-ден астам ата-аналар қатысты.

Ата-аналар мен ұстаздар форум барысында кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың – «Эмоция Коучинг – заманауи бала тәрбиесінде жетістікке жету кілті», «USTAZ» білім беру орталығының академиялық директоры Нұрлан Иманғалиевтың – «Медиабелсенділік және ақпараттық сауаттылық», «Білім-Инновация» ХҚҚ кәсіптік бағыт-бағдар беруші Азамат Тулепбергеновтың – «Your child is unique!», «R4 Technology&Research Centre» ЖШС басшысы Айдын Тусюбжановтың – «Новая образовательная экосистема», Шымкент қаласы білім басқармасының «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының» ағылшын тілі әдіскері Аяш Мырзабекованың және Астана Халықаралық Университетінің вице-президенті, коуч-тренер Алимжан Игенбаевтың – Мектеп пен ата-аналардың тиімсіз серіктестігі. Оны қалай құруға болады? «Тиімсіз серіктестік» тақырыбындағы тренингтеріне қатысты.
Жиын барысында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерге тоқталып өтті.
«Әсіресе отбасында көп көңіл бөлінбейтін балалар жылулықты сырттан іздей бастайды. Олардың арасында түрлі оқиғаларға тап болып, тығырықтан шыға алмай қалатыны болады. Осыдан бала бойында қатігездік қасиет, ал ата-аналарда тәрбиеге көнбейтін бала деген ұғым қалыптасады. Балаларымыздың жаны мен тәні аман болсын десек, бірлесе жұмылған жөн. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасы мен олармен қарым-қатынасы қалыпты болуы керек», – дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, форум барысында бірқатар белсенді ата-аналар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Просмотров страницы: 362