Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әбдірәсіл Айзат Русланқызы ҰБТ-да 136 балл жинады. Лицейдегі ең жоғары балды Айзат алады деп күтілген болатын. Себебі ол дайындық кезінде 135-139 аралығында балл алып жүрді.
Айзат – «Алтын белгі» иегері және Президенттік олимпиада жеңімпазы. Сонымен қатар ол халықаралық деңгейдегі IELTS емтиханынан 7 балл жинап, Назарбаев университетіне түсу емтиханын тапсырып та қойды. Қазір университетке құжат дайындауда. Айзаттың болашақта білімді де білікті маман болатынына біз сенеміз!
Просмотров страницы: 42