Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Үздік білім беру ұйымы – 2018»

Биыл Жамбыл облысындағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капитал» атты тақырыппен «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.

Конференцияда Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты Жамбыл облысы бойынша «Үздік білім беру ұйымы  2018» атанды.

Лицей ұстаздары мен еңбекқор оқушылардың еңбегі бағаланып, білім саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Білім-инновация» мектеп интернаты 22 млн.627 мың теңгенің сертификатын алды. Бұл жетістік мектеп-интернатымыздың өркендеп, көркеюіне үлесін қосқан әрбір жанға тиесілі.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының дарынды оқушылары биыл да халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 143 медаль иеленіп, 7-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленсе, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты 10-шы жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атанды.

Просмотров страницы: 440

Серіктестер