Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Жалынды Әгүршіктер» құрамасы Астанада өтетін финалға жолдама алды

Алматы қаласында өткен кезекті аймақтық Көңілді Тапқырлар Лигасы сәтті аяқталып, нәтижесі де белгілі болды!

Ойынның нәтижесі бойынша, Сулейман Демирел колледжінің «Жалынды Әгүршіктер» құрамасы аймақтық жеңімпаз атанып, ақтық кезеңге жолдама алды.

«Білім-Инновация» лицейінің оқушылары арасында өткізілген бұл ойында Алматы «Білім-Инновация» қыз балалар лицейінің «Алқыз» құрамасы жүлделі II орынды иеленсе, III орын Есік «Білім-Инновация» лицейінің «Алтын адам» командасына бұйырды.

Сондай-ақ оқушылар арасында өткізілген КТЛ-ның аймақтық кезеңінде: «Ұйымшыл команда» – Жамбыл Иновациялық Колледжі, «Creative команда» – СДКЛ, «Ұйымшыл команда» – Талдықорған БИЛ, «Белсенді команда» – Алматы ұл БИЛ, «Көрермендер көзайымы» – Хусеин Гүнгөр (СДК), «Үздік ойыншы» – Оспанов Мақсат (Жамбыл Иновациялық Колледжі), «Үздік DJ» – Заманиянов Ғибрат (Есік БИЛ), «Үздік капитан» – Шаймуратова Фариза (Алматы Қыз БИЛ), «Үздік жетекші» – Қалық Думан (СДК).

Қызықты да көңілді ойын үшін барлық қатысушыларға рақмет! Ойын жеңімпаздары мен номинация иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 34

Серіктестер