Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Жаңа оқу жылы қарсаңында мақтааралдық оқушыларға 110 планшет сыйға тартты

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның қызметкерлері, лицей түлектері мен ата-аналары «Біз біргеміз» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты.

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту маңызды. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смартфондар мен планшеттердің қажеттілігі байқалуда. «Білім-Инновация» лицейлерінің негізгі қызметі білім саласы болғандықтан, еліміздегі жағдай ескеріліп су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттерді табыс етті. 

Нұрбол Төлебаев, «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті:

– Біз енді біліммен айналысатын болғандықтан, білім қоры болғандықтан, осы Мақтааралдағы жастардың білім алуына жарамды заттарды әкелу дұрыс деп шешіп, биыл мына пандемияға байланысты білім жүйесінің барлығы қашықтықтан оқуға өтіп жатқандықтан, бұл планшет қазір көптеген оқушыға ауадай қажет деп ойлап әкеліп отырмыз. Осы жастардың арасынан келешекте Қазақстанға қызмет ететін жақсы азаматтар шығарды деген ниеттеміз.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  ХҚҚ мен БИЛ мектептерінің алғашқысы емес. Бұған дейін қор 100 оттегі концентратын еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізген болатын.

https://www.instagram.com/p/CET4A5bndFe/?utm_source=ig_web_copy_link

Просмотров страницы: 1190

Серіктестер