Оймақтай он жыл

Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болған, ел болашағының жарқын үміткерлерін тәрбиелеген “SPECTRUM KINDERGARTEN” балабақшасына 10 жыл толды.

Осынау оймақтай ғана 10 жыл ішінде жеткен жетістік, бағындырған белес аз емес. Балауса шақтың шаттығын мерейтой барысында балдырғандар күмбірлеген күй, әуезді ән, мың бұралған биімен көпшіліктің мерейін тасытты.

Ұрпақ тәрбиесіне бүтіндей болмысын арнаған ұлағатты жандар марапатталды. Балабақшаның сәулеті мен сәніне септігі тиген барша жанға құрмет көрсетілді.

Ұлт болашағының көкірегін құндылықпен көмкерген балабақша әлі де тарих тізбегін жалғастыра берсін! Ендігі кезекте елеулі мерейтойдың бірнешеуін абыройлы еңсеруін тілейміз!