“Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасы

“Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасы 2008 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп өткізіледі. Басты мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және шығармашылық бастамаларды анықтау.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің арасында еліміздің барлық облыстарынан келген 7-11 сынып оқушылары жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін сарапқа салады. Оқушыларды іріктеу үш кезеңнен тұрады – мектепішілік, аудандық және облыстық.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтардан басқа Қордың уағдаластығы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру гранттары беріледі.