Білім беру күні қарсаңында «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибелі ұстаздары – Рысмамбетова Балжан Тургановна және Кенжеалиева Ботагөз Сағындыққызы еліміздің білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесі және ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен марапатталды.
Рысмамбетова Балжан және Ботагөз Сағындыққызы жұмыс жасаған уақыт ішінде өз пәнін жетік меңгерген, педагогикалық бейімі дамыған, білімі мен біліктілігі жоғары ұстаздар екендігін көрсетті. Қазақстан білім беру жүйесінде табысты жұмыс атқарып, көптеген оқушыларды ғылыми шығармашылыққа, олимпиадаларға дайындап, үздік жетістіктерге қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының қыз балаларға арналған БИЛ тарих пәні мұғалімі Рысмамбетова Балжан:
«Шынайылықпен, жүректің қалауымен жасап жүрген еңбегім бағаланып, «ҚР – білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапатын алған кезде қуаныш сезімге бөлендім. Армандарым арманға ұласып, үлкен максаттардың әлеміне енгендей болдым. Сол бір қысқа сәт, менің жадымда мәңгі қалады», – деді.
Балжан Тургановна «Жыл мұғалімі», «Үздік коуч», «Жаңашыл педагог» номинациясын, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ұйымдастырған республикалық рейтингте «Ең үздік ұстаз» (пәндік емтихан), «Ең шығармашыл ұстаз» (сұрақ дайындау жарысы), «Ең жаңашыл мұғалім» (сабаққа қатысу) номинациялары бойынша жоғары көрсеткіші үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталды. «Шебер педагог-2017» республикалық байқауында 1-орын иеленді.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар мен оқу құралдарының сарапшысы. ҚР Тұңғыш Президенті музейі жанындағы педагогикалық кеңестің мүшесі, «Ұстаз-ұлы тұлға» республикалық байқаудың әділқазы мүшесі.
Білім беру саласында жинаған іс-тәжірибесімен бөлісіп, қалалық және республикалық деңгейде семинарлар, коучингтер, дәріс сабақтар өткізуді дәстүрге айналдырған. Білім басқармасының, Білім беруді жаңғырту орталығының, Білім және ғылым академиясының, білім министрлігінің тарапынан жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарды. Оқушылары Халықаралық «Гумилев олимпиадасындағы» ғылыми жобада «Алтын медаль» (2016), І Республикалық «Ә.Бөкейханов» олимпиадасында алтын медаль, Халықаралық ғылыми жоба «Жас ғалым» Оңтүстік Корея, Тэджон күміс медаль (2015), «Сырым Датұлының саяси платформасы» жоба жұмысы І орын (2019), Құқық пәні бойынша «Женщина в Казахстане» жоба жұмысы 2-орын орын иеленіп, Республикаға жолдама алды (2019ж). «Ұлы Даланың жеті қыры» атты елбасы мақаласы аясында өткен республикалық ғылыми жоба жарысында І Дәрежелі диплом (2019), Қазан қаласында өткен «Ұлы Даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми конференцияда қорғаған ғылыми жоба І Дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұлы Жеңіске арналған Республикалық онлайн сабақ «… отты өткелдерден өткен ерліктерге тағзым», 1-кезең: «Мұрағаттар тарихтың сарқылмас қоры», «Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз ел жоқ, 2-кезең: тарихи ескерткіштерге саяхат, гүл шоқтарын қою, тағзым ету.
Авторлары Аяған Б.Ғ., Ермұханова Х,К., Рысмамбетова Б.Т. «ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЕРЛІК» атты Ұлы Отан соғысы тарихынан жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқу құралының авторы. Қашықтықтан оқытуда өткізілетін ONLINE MEKTEP онлайн сабақтардың сарапшысы. «Тарихи сұрақтар мен тапсырмаларды орындауда қиындықтарды қалай анықтауға болады» атты онлайн конференцияда «Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестке дайындалу жолдары» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері Орал БИЛ директорының бағдарлы оқыту орынбасары, тарих пәні мұғалімі Ботагөз Сағындыққызы:
«Лицейдің ашылып, түрлі ресми құжаттарының жүзеге асырылуы, аяғынан тік тұрып кетуі түсінетін адамға үлкен жұмыс болғандықтан өзімді іштей бір марапатқа лайықтымын деп бағалайтынмын. Бірақ марапатқа бірнеше рет ұсынылсам да, өтпей қалатынмын, осы жолыда солай болар деп ойладым. Жаңалықтың күтпеген тосын сый болуы ерекше болады екен, қуаныштан көзіме жас келді. Армандар орындалады екен… Еңбегімнің басшылық тарапынан бағаланғаны мен үшін үлкен құрмет, сондықтан да ҚР Білім және ғылым министрлігі, мектеп әкімшілігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қорының басшылығына өзімнің шексіз ризашылығымды, алғысымды білдіремін».

Ботагөз Сағындыққызы – кәсіби деңгейі жоғары, білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған және жаңалықты оқушы санасына қалыптастыра білген, үнемі ізденіспен еңбек ететін білікті ұстаз. Мұғалім бойынан әр ұстазға қойылатын, өз кәсібіне сенімділік пен тұрақтылық принциптерін, адамгершілік-педагогтік белсенділік, іскерлік қасиеттерді көруге болады. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында оқушы қабілетін дәл танып, оны дамытуда ерінбей еңбектенумен бірге, өз білімін де үнемі жетілдіріп отырады. Ол іс-тәжірибесінде педагогика ғылымындағы соңғы жаңалықтарды тиімді пайдаланады.
«Тарих сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі» әдістемелік тақырыбы бойынша оқушылардың тарихи, құқықтық білімдерін тереңдетіп, заман талабына сай білім беруге күш жігерін жұмсауда. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына елжандылық сезім ұялату. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтарынан және шәкірттерінің білім деңгейінен көруге болады.
Мұғалім кәсіби жетістігі: «Қазақ хандары» факультатив курсының бағдарламасы, 2016 жылы облыстық деңгейде таратылған іс-тәжірибе; «Әдістемелік шеберлік керуені» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, 2016 жылы облыстық деңгейде таратылған іс-тәжірибе; «Адам.Қоғам.Құқық» кіріктірілген курсынан «ҚР Конституциясының құрылымдық негіздері» тақырыбында слайд/презенация құру бойынша «Дар учителя» халықаралық білімді сайттың қашықтық байқауында І орын, 2018 жыл; «Педагогикалық шеберхана» атты «Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың қашықтық байқауы І орын, 2018 жыл.
Қосымша мәліметтер:
- Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік кеңесінің мүшесі,
- Батыс Қазақстан облысы тарих және дінтану пәндері мұғалімдерінің шығармашылық тобының мүшесі, сараптама кеңесінің мүшесі,
- Оқулықтарға, оқу әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссиялардың мүшесі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 ж. 5 желтоқсандағы №671 бұйрығы, 2019 жылғы 19 ақпандағы №82 бұйрығы).
Оқушы жетістігі:
2016 – 2017 оқу жылында облыстық ғылыми жоба сайысында 10-сынып оқушылары Мұхамбетов Арқат ІІ орын, Сағынғали Мұқағали ІІ орын, Сағындықов Ернар ІІ орын, Кусыбаев Рустам ІІ орын, Республикалық ғылыми жоба сайысына қатысқан 10 – сынып оқушылары Рысқалиев Азамат пен Сағынғали Мұқағали. 2016 ж. «KATEV» Білім Олимпиадасында 8- сынып оқушысы Амиров Азамат І орынды иеленді.

2017-2018 оқу жылы облыстық ғылыми жоба сайысында 11-сынып оқушылары Мұхамбетов Арқат ІІ орын, Сағынғали Мұқағали ІІ орын, Республикалық ғылыми жоба сайысы Сағынғали Мұқағали ІІІ орын, Мұхамбетов Арқат ІІІ орын иеленді. БИ ХҚҚ Қазақстан Білім Олимпиадасында 9-сынып оқушысы Амиров Азамат І орын, 8-сынып оқушысы Қонақбаев Айбек ІІІ орын иеленді. 7-сынып оқушылары Сатыбалдиев Тілеген, Сейл Бақтияр ІІІ орын иеленді. Облыстық пәндік олимпиадада 9-сынып оқушысы Амиров Азамат ІІ орын иеленді.
2018-2019 оқу жылы Қазақстан тарихы пәнінен ХІІІ «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасы Сатыбалдиев Тілеген ІІІ орын, Насибуллин Елдаулет ІІІ орын, Сейл Бахтияр ІІІ орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында (география, Қазақстан тарихы) 11-сынып оқушылары Сағындықов Ернар мен Адилов Альбер ІІІ орынды иеленді.
Ұстаздық еңбектің нәтижесі шәкірт білімімен анықталады десек, оқушылардың соңғы 3 жылғы білім сапасының көрсеткіші 93- 96%.
Оқушыларға және мұғалімдерге жүргізілген сауалнама нәтижесі ұстаздың беделді, жоғары сый-құрметке ие екендігін дәлелдеді.
Ботагөз Сағындыққызы – шәкірттерінің сүйікті ұстазы, әріптестері арасында ұлағат-үлгісімен танылған тәжірибелі ұстаз.
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қорының тарих пәні әдіскері Сатанов А.Б.
Просмотров страницы: 1531