Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Еуропалық физика олимпиадасынан алтын медаль!

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы – Мағауин Расул Еуропалық физика олимпиадасына қатысып, алтын медаль иегері атанды!

20-26 шілде аралығында қашықтан өткен Еуропалық физика олимпиадасына 57 елден 250 оқушы қатысты.

Қазақстанның ұлттық құрама командасы 5 оқушыдан құралған. Олар 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.

Олимпиада 2 турдан: тәжірибелік және теориялық емтиханнан тұрды. Биыл алғаш рет онлайн өткен олимпиаданың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және 1 грамота жеңіп алды.

Алтыннан алқа таққан оқушымыз Мағауин Расулды, құрама команда мүшелерін, ата-аналар мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 629

Серіктестер