Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Өзін-өзі тану пәні олимпиадасындағы жетістіктер

Ақпан айының 26 жұлдызы «Қостанай дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Жарысқа дарынды балаларға арналған Қостанай «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, екі бала 1-орын және тағы екі бала 3-орынға ие болды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған мектептің педагог-психологы әрі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Молдагалиева Ельнара Болатхановна оқушыларды жарысқа жан-жақты дайындап қана қоймай, өзінің жеке тұлғалық жетістіктері арқылы жас өскелең ұрпаққа үлгі болып келеді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», – деп халық даналығы айтқандай Молдагалиева Ельнара Болатхановна, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, педагогика-психология факультетін тәмамдаған. «Білім-инновация» лицейлерінің алдыңғы қатарлы психолог мамандарының бірі.

Ол «Ең үздік жыл психологы» атты 2013 жылдың республикалық конкурсының жеңімпазы, І дәрежелі Дипломның иегері, 2018 жылы Білім басқармасының басшысы К.А. Каткеновтан Алғыс хат иемденді, 2019 жыл Қостанай дарыны «Өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» Г.Укинадан Алғыс хат алды,  «Үздік жыл психологы-2018» республикалық байқауының облыстық кезеңінде І орын иегері. 2019 жыл Білім беру басқармасының басшысы В.А. Цымбалюктан «Құрмет грамотасын» иемденді.

Бүгінгі күні Молдагалиева Ельнара Болатхановнаның шәкірттері де жоғарғы белестерге жетіп, ұстазы, білім ордасы мен ата-аналарын өз жетістіктерімен қуантты. Молдагалиева Ельнара Болатхановна мен шәкірттерін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ атынан шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта, республикалық олимпиадада үлкен табысқа жетуіне тілектеспіз. 

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның психология және қоғамдық пәндер әдіскері Сатанов Арстан Болатұлы

Просмотров страницы: 347

Серіктестер