«Cyberspace Mathematical Competition» онлайн олимпиадасы Америкалық Математика Қауымдастығы мен AOPS халықаралық платформасының басшылығымен, профессор, америкалық математик – Yufei Zhao төрағалығымен өтті.
Қазақстан жалпы командалық есепте жиырмасыншы орынға ие болды.
Еліміздің қоржынына алтын және күміс медаль қосқан оқушылардың қатарында «Білім-инновация» лицейлерінің шәкірттері бар. Олар:
- Мырзатаев Айбек, Атырау қ. «Білім-инновация» лицейі – алтын медаль иегері;
- Данат Дүйсенбеков пен Марлен Раушанов, Нұр-Сұлтан қ. «Білім-инновация» лицейі – күміс медаль иегерлері.
Үздік үштікке Ресей, Америка және Корея елдері кірді. Украина 15-орынды, Әзербайжан 25-орынды, Армения 45-орынды, Тәжікстан 50-орынды, Өзбекстан 54-орынды иеленген.
Просмотров страницы: 719